Антиплагиат және көшірмелер

Журналдың редакциясы келіп түскен мақалалардың түпнұсқалығын тексереді. Авторлар өз жұмыстарының түпнұсқа екеніне көз жеткізуі керек. Егер авторлар басқа авторлардың жұмысын және/немесе сөздерін пайдаланған болса, сілтеме дұрыс келтірілуі керек. Плагиаттың басқа біреудің мақаласын автордың жеке мақаласы ретінде жариялаудан бастап, басқа біреудің мақаласының маңызды бөліктерін көшіру немесе қайталау (растаусыз), басқалар жүргізген зерттеу нәтижелерін бекіту сияқты көптеген түрлері болады. Плагиат барлық түрлерінде этикаға жатпайтын баспа мінез-құлқын білдіреді және қабылданбайды. Көптеген көшірмелер анықталған жағдайда редакция басылым этикасы комитетінің (Committee on Publication Ethics) ережелеріне сәйкес әрекет етеді. Егер қолжазба журналдың рәсімделу талаптарына сәйкес келмесе және плагиатты тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқа жұмыс болып табылмаса, онда тиісті өзгертулер енгізу және қолжазбаны журналдың редакциялық алқасының қарауына қайта жіберу үшін авторға қайтарылады.

Түпнұсқалық пайызы 75%-дан аспаса, мақалаларды жариялауға рұқсат етілмейді.

Плагиат оның барлық түрлерінде қабылданбайды және мақаланың дереу қабылданбауына, сондай-ақ авторларға қарсы санкцияларға әкелуі ықтимал. Плагиаттың дәлелденген фактісі немесе мәтінмен айла-шарғы жасау фактісі анықталған жағдайда, мақала авторлары «Шәкәрім университетінің хабаршысы. Педагогика  ғылымдарының сериясы» журналына келесі 3 күнтізбелік жыл бойында автор ретінде немесе бірлескен автор ретінде  мақала жариялай алмайды.

 Мақаланы тапсыру барысында автор мақаланың басқа ғылыми журналда жарияланбағанын немесе жариялауға қабылданбағанын растауы керек. Баспагер «Шәкәрім университетінің хабаршысы. Педагогика ғылымдарының сериясы» журналында жарияланған мақалаға журналдың ресми сайтына сілтеме (материалдың толық URL мекенжайы) көрсетуді сұрайды.